Астанада патрульдік полиция қоғамдық көліктердің «ізіне түседі».

Фотография - Астанада патрульдік полиция қоғамдық көліктердің «ізіне түседі».

Бұл туралы ІІД әкімшілік полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

263 0

Астанада 19-25 желтоқсанда жасырын бейнебақылау әдісі арқылы қоғамдық көлік пен таксилердің тәртіп бұзушылықтарының жолын кесу бойынша жедел алдын алу іс-шарасы өтеді. Бұл туралы ІІД әкімшілік полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шара аясында ІІД ӘПБ патруль көлігіне орнатылған бейнетіркеуіштің көмегімен қоғамдық көлік жүргізушілерінің бағыттар бойынша тәртіп бұзушылығын анықтау және жолын кесу бойынша жұмыстар ұйымдастырылады. Жедел алдын алу іс-шарасының мақсаты – жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көлік құралдарының және такси көліктерінің апатқа ұшырау жағдайларын төмендету, жолаушылар тасымалымен айналысатын жүргізушілердің тәртіп бұзушылығының жолын кесу, сондай-ақ қоғамдық көліктің халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту болып табылады.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

астана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!