2013 жылы бос жұмыс орындары рейтингінде бухгалтерлер көш бастап тұр

Фотография - 2013 жылы бос жұмыс орындары рейтингінде бухгалтерлер көш бастап тұр

2013 жыл бойынша мол сұраныстағы мамандықтар тізімін бухгалтерлер бастап тұр, деп хабарлайды B HeadHunter зерттеу орталығы.

195 0

2013 жыл бойынша мол сұраныстағы мамандықтар тізімін бухгалтерлер бастап тұр, деп хабарлайды B HeadHunter зерттеу орталығы.

Қаржыгерлерге жұмыс тапшы деп кім айтты? HeadHunter зерттеу орталығы ұсынған мәліметтерге сәйкес, hh.kz сайтында жариланған бос жұмыс орындары рейтингінде бухгалтерлер топ бастап тұр. Оларға деген сұраныс жалпы жарияланған бос орындардың 7,1 пайызына тең. Тағы бір таңғаларлық жайт, биыл заңгерлерге деген сұраныс та күрт артқан екен. Олар аталмыш рейтингте екінші орынға табан тірепті (3,1%). Үшінші орында – жүргізушілер (2,6%). Ал кеңсе менеджерлеріне деген сұраныс рейтингте төртінші орында (2,1%). Бесінші орынды инженерлер мен сатушы менеджерлер өзара бөліскен (1,7%). Бір айта кетерлігі, инженерлер бос жұмыс орындары рейтингінің үздік бестігіне алғаш рет ілікті.

Рейтингтің топ-20 тізіміне бастық көмекшісі (0,5%), программист (0,4%) және аймақтық менеджер (0,4%) мамандықтары биыл тұңғыш рет қосылып отыр.

«2013 жылы hh.kz сайтының пайдаланушылары іздеген әрбір 14-ші мамандық бухгалтер болды. Әрбір 32-ші сұраныс заңгерлерге қатысты түсті. Биыл «Өндіріс» кәсіби саласында инженерлерге деген сұраныстың артқанын да айтып өткен жөн. Сонымен қатар, былтыр үздік 20-ны бекіткен жүйелік әкімшілер болса, биыл олардың орнын программистер басты», - деп түсіндіріп өтті HeadHunter Қазақстан компаниясының маркетинг және PR жөніндегі директоры Марина Сакиева. 

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!