Ақтөбелік полиция қызметкерлері күшейтілген режімге көшті

Фотография - Ақтөбелік полиция қызметкерлері күшейтілген режімге көшті

Ақтөбе облысы ІІД-нің бүкіл жеке құрамының жұмысы мереке алдында күшейтілген режімге көшті.

182 0

Ақтөбе облысы ІІД-нің бүкіл жеке құрамының жұмысы мереке алдында күшейтілген режімге көшті.

Өңірде жаңа жыл мерекесі қарсаңында оқыс оқиғалардың алдын алуда «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы жарияланды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Облыс орталығының көшелерінде патрульдік жасақ жұмысы күшейтілді, жол полициясының инспекторлары рейдтер өткізіп, Жол жүру ережесінің өрескел бұзылуына назар аудартуда.

Барлығы облыс бойынша бұл күндері қоғамдық тәртіпті қадағалауға 800-ден астам полиция қызметкері мен қоғамдық құрылымдардың 200-ге жуық мүшесі тартылған.

Қалалық және аудандық бөлімдердің кезекші бөлімдерінде қылмысқа дер кезінде әрекет ету бойынша жедел тергеу топтарының жұмысы күшейтілді.

Полиция бекеттері жоғары оқу орындары мен халық жаппай жиналатын жерлерге жақын орналасқан.

Жедел алдын алу шарасының бірінші күні 25 қылмыс тіркелді, 10-ы ізі суымай ашылды, сонымен бірге осыған дейін жасалған 16 қылмыстың беті ашылды. Іздей жарияланған екі қылмыскер ұсталды, 800 әкімшілік заң бұзушылық анықталды.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!