Астана халқының саны 808 429 адамды құрады

Фотография - Астана халқының саны 808 429 адамды құрады

Бұл туралы қалалық Статистика департаменті хабарлады

203 0

Астана қаласындағы халықтың саны ағымдағы есеп бойынша 2013 жылғы 1 қарашада 808429 адамды құрады, соның ішінде Алматы ауданы бойынша 367807 (45,5%), Есіл ауданы бойынша 111869 (13,8%), Сарыарқа ауданы бойынша 328753 (40,7%) адам. Бұл туралы қалалық Статистика департаменті хабарлады.

2013 жылдың басымен салыстырғанда, Астана қаласындағы халықтың жалпы саны 30231 адамға, соның ішінде Алматы ауданы бойынша 4125 адамға, Есіл ауданы бойынша 9132  адамға, Сарыарқа ауданы бойынша 16974 адамға көбейді.

2013 жылғы қаңтар-қазанда халықтың табиғи өсімі 15426 адамды, көші-қон өсімі 14805 адамды құрады.

Үстіміздегі жылдың қаңтар-қазан айларында жалпы Астана қаласы бойынша 18350 туылғандар тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,7% артық. Сонымен қатар, халықтың табиғи өсімі өткен жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 15,7% көтерілді және 15426 адамды құрады.

Осы аралықта қалада 2924 адам қайтыс болды, бұл 2012 жылғы қаңтар-қазандағы көрсеткіштен 0,9% төмен.

Қаңтар-қазанда 1 жасқа дейінгі балалар өлімінің 165 жағдайы тіркелді, бұл 2012 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 26 жағдайға аз. Сәбилер өлім-жітімінің коэффициенті 8,99 (2012 жылғы қаңтар-қазанда - 11,73) құрады.

Халық өлімінің негізгі себептер топтарының арасында ең үлкен үлес салмақты, әдеттегідей, қан айналымы жүйесі аурулары 36,1%, өскіндер 17,3%, жазатайым оқиғалар, улану және жарақаттану 15,3% алады.

2013 жылғы қаңтар-қазандағы АХАТ органдарында тіркелген некелесулер саны, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,6%, ажырасулар саны 14,7% көтерілді.


Тегтер:

астана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!