Петропавл автобустары тегін Wi-Fi интернетке қосылды

Фотография - Петропавл автобустары тегін Wi-Fi интернетке қосылды

Бұл туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады.

157 0

Қызылжар қаласының тұрғындары Wi-Fi интернетті қоғамдық көліктерде де пайдалана алады. Қазір қаладағы 20 автобус тегін ғаламтор желісіне қосылды. Бұл туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады.

Интернетке пайдалану үшін қолыңызда смартфон, коммуникатор, планшет немесе ноутбук сияқты Wi-Fi құрылғыңыз болса жеткілікті.

Ендігі жерде қала тұрғындары бір ауданнан екінші ауданға жеткенше жол бойы уақыттарын пайдалы істермен өткізе алады. Жаңалықтар оқып, поштаға түскен хаттарды тексеріп, әлеуметтік желілерде хат алмасып немесе ғаламтордан қажетті кітаптарын тауып оқып, уақыттарын тиімді өткізуіне болады.

Қызылжар – қоғамдық көліктерді тегін интернетке қосқан Қазақстандағы алғашқы қала, алдағы уақытта бұл жоба өзге өңірлерде де іске асырылады.


Тегтер:

павлодар

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!