Мас күйінде көлік жүргізгендердің жазасы күшейтілді

Фотография - Мас күйінде көлік жүргізгендердің жазасы күшейтілді

ҚР Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында депутаттар ішіп алып көлік жүргізгендерді 15 жылға көлік жүргізу құқықғынан айыру керек деген ұсыныс жасады

217 0

ҚР Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында депутаттар ішіп алып көлік жүргізгендерді 15 жылға көлік жүргізу құқықғынан айыру керек деген ұсыныс жасады.

Депутаттар «Жол жүру ережелері туралы» заң жобасын және ҚР заңнамалық актілеріне тиісті түзетулерді мақұлдады - деп хабарлады  baq.kz

«Мас күйінде көлік жүргізгендерді 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу, ал екінші қайтара заң бұзғандарды 10 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы күшейтілді. Алдағы уақытта әкімшілік қамау 30 күнге, көлік жүргізу құқығынан айыру 15 жылға дейін арттырылды», - дейді Рамазан Сәрпеков.

Сонымен қатар, заң жобасында ескерілгеніндей, көліктің жылдамдығын белгіленген жылдамдықтан 40 шақырымға дейін арттырғандарды жүргізу куәлігінен айыру жазасын депутаттар 30 АЕК мөлшеріндегі айыппұлға ауыстырды.

«Көлік жүргізу кезінде жол ережелерін бұзып, апатқа себеп болған жүргізушілерді де әкімшілік жазаға тартуды ескеретін жаңа норманы енгізу қажет. Өйткені, соңғы жылдары осындай жүргізушілердің себебінен жол апаттары жиілеп кетті», - дейді Сәрпеков.

Естеріңізде болса, ҚР ІІМ үш қайтара мас күйінде көлік жүргізгендерді өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айыруды ұсынған еді. Бұған қоса, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жол көлік оқиғасы мен кісі өліміне себепші болған мас жүргізушілерге жазаны қатаңдатуды тапсырған болатын.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!