БҚО-да жылу бағалары бекітілді

Фотография - БҚО-да жылу бағалары бекітілді

Батыс Қазақстан облысында алдағы 1 қаңтардан күшіне енетін жылу бағалары бекітілді

165 0

Батыс Қазақстан облысында алдағы 1 қаңтардан күшіне енетін жылу бағалары бекітілді - деп хабарлады  ҚазАқпрат

ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі БҚО бойынша департаментінің басшысы Ербол Есіркеповтің мәлім еткеніндей, тұрғындар үшін жылудың 1 Гкал мөлшері 3118,16 теңге болып, еш өзгеріссіз, бұрынғы күйінде қалмақ. Ал бюджеттік мекемелер үшін жылудың аталмыш мөлшері 6428 теңге, өзге тұтынушыларға 3355,58 теңге болып белгіленді. Өзге тұтынушылар қатарына мемлекеттік емес мекемелер, жеке кәсіпкерліктер, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер және тағы басқалары жатады. Бұған дейін бюджеттік мекемелер мен өзге тұтынушылар үшін жылу есептегіш құрылғыларының бар-жоқтығына қатысты екі түрлі сараланған тариф күшінде болған. Атап айтқанда, 1 Гкал жылу мөлшері жылу есептегіш құрылғылары барлары үшін 3355,58 теңге, ал жылу есептегіш құрылғылары жоқтары үшін 7700,6 теңге болып келді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!