3 жылда Қостанай облысына 10 мың асыл тұқымды мал әкелінген

Фотография - 3 жылда Қостанай облысына 10 мың асыл тұқымды мал әкелінген

деп хабарлайды Әкімдіктің жиналысында облыс әкімінің орынбасары Базыл Жақыпов.

252 0

Қостанай облысына үш жыл ішінде шетелден 10 мың сиыр әкелінген, деп хабарлайды Әкімдіктің жиналысында облыс әкімінің орынбасары Базыл Жақыпов.

«2013 жылдың 10 айында ауыл шаруашылығы кәсіпорындарды ірі қара мал басы 24 мың басқа артты. Бұл 18% өсім. Қой мен ешкі саны 25 мыңға артты, (өсім 41%), жылқы 5,5 мыңға артты (рост на 13%). Мал саны өскен соң мал шаруашылығы өнімінің көлемі де артты (ет өндіру 58%-ға, сүт 8%)», - дейі облыс әкімінің орынбасары.

Оның айтуына қарағанда, малдың генетикалық әлеуетін арттыру және етті мал шаруашылығын дамытуға ауыл шаруашылығы өндірушілерін ынталандыруға және экспорттық әлеуетті арттыруға ерекше назар аударылуда.

«Асыл тұқымды етті ІҚМ-ның аналығын импорттау қолға алынған. Жыл соңына дейін 2100 бас мал әкелінеді, Тек он айдың ішінде 1875 сиыр сатып алынған. 2010-2013 жылдар аралығында аймаққа 10 мың асыл тұқымды сиыр импортталған. Бұл жұмысы жалғаса береді. 2015 жылдың соңына дейін тағы 10 мың мал әкелу көзделіп отыр», - дейді ол.

Асыл тұқымды мал басының үлесі биыл 3,2%-дан 20%-ға өскен. 2010 жылы бұл 7%-дан аз болыпты.

«Осы аралықта 10 репродукторлық шаруашылық құрылды. 11,5 мың әулиекөлдік, ақбас қазақ сиыры, абердин-ангус және герефорд ІҚМ өсірілді. 2010 жылы өсім беретін ірі қара саны 19% болса, бүгін 40%-ға жетті», - деді Б.Жақыпов.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

ауыл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!