2013 жылы 48 мыңнан астам баспана пайдалануға берілді

Фотография - 2013 жылы 48 мыңнан астам баспана пайдалануға берілді

«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасына сәйкес 2013 жылы жалпы ауданы 6,6 млн. шаршы метр баспананы пайдалануға беру жоспарланған болатын

196 0

«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасына сәйкес 2013 жылы жалпы ауданы 6,6 млн. шаршы метр баспананы пайдалануға беру жоспарланған болатын. ҚР Статистика агенттігінің деректері бойынша 2013 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында тұрғын үй құрылысына 434,1 млрд. теңге инвестиция тартылған.

Биылғы жылы жалпы ауданы 5,9 млн. шаршы метр баспана пайдалануға берілді, яғни, орындалуы тиіс жоспардың 89%-ы іске асырылған. Оның 3,4 млн. шаршы метрі жергілікті бюджет есебінен салынған. Жалпы, республика бойынша 48 273 тұрғын үй салынса, оның 22 954-і жеке үйлер.

2013 жылы баспанаға кезекте тұрған адамдарға арналған арендалық тұрғын үй құрылысына республикалық бюджеттен 17,5 млрд. теңге бөлінген. Оның 15 185,1 млн. теңге игеріліп, 2 165 пәтер салынған.

Жас отбасыларға арналған арендалық тұрғын үй құрылысына 2013 жылы республикалық бюджеттен 10 млрд. теңге бөлінген. Қаражаттың 93 пайызы игеріліп, 926 пәтер пайдалануға берілген.

Тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйесі арқылы несиелік баспана құрылысына 2013 жылы республикалық бюджеттен 29,4 млрд. теңге бөлінген. Бөлінген қаржының 89 пайызы игеріліп, 2 789 пәтер салынған.

Сонымен қатар, 508 шақырым электрмен жабдықтау желілері, 48,4 шақырым орталықтандырылған жылыту жүйесі салынды, 239,8 шақырым сумен жабдықтау желілері, 79,8 шақырым кәріз желілері, 490 шақырым газ құбырлары, 34,5 шақырым телефон желілері тартылды және 5,3 подъезд жолдары салынған.


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!