Оралда су бағасы қымбаттады

Фотография - Оралда су бағасы қымбаттады

Оралда су және кәріз қызметінің жаңа бағасы бекітілді. Қала тұрғындары 2013 жылдың ақпан айынан бастап бұл қызмет түрлеріне жаңа бағамен төлей бастайды

175 0

Оралда су және кәріз қызметінің жаңа бағасы бекітілді. Қала тұрғындары 2013 жылдың ақпан айынан бастап бұл қызмет түрлеріне жаңа бағамен төлей бастайды.

Су арнасы қызметкерлері өз қызметтерінің бағасын 45 пайызға қымбаттатуды сұраған. «Батыс Су Арнасы» ЖШС қызметкерлерінің айтуынша, жиналған қаржы коммуналдық кәсіпорынды жаңартуға жұмсалады - деп хабарлады   baq.kz

ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі департаменті жаңа бағаны бекіткен.

Жергілікті тұрғындар судың 1 текше метріне 53,31 теңге, кәріз қызметіне 51,70 теңге төлейді. Жалпы, екі қызметтің құны 105 теңгеге қымбаттады.

Бюджеттік ұйымдар судың 1 текше метріне 1022 теңге, ал қалған тұтынушылар 565 теңге төлейді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!