2014 жылы Астанада 10 мектеп ашылады

Фотография - 2014 жылы Астанада 10 мектеп ашылады

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлім етті.

160 0

Алдағы жылы Астанада 10 мектеп ашылады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, бұл салада 23 мың оқушы орны тапшы болып отыр. Биылғы оқу жылының өзінде Астанаға мектеп жасындағы 5 мыңға тарта бала келді.

«Ағымдағы жылы төрт мектеп пайдалануға берілді, ал 2014 жылы жапы білім беретін тағы 10 мектеп есігін ашады. Бұл 10 нысанның құрылысы жүріп жатыр және олар алдағы жылы пайдалануға беріледі. Сонымен қатар 2014 жылы біз орта білімнің тағы 5 нысанының құрылысын бастамақпыз»,-деп түйді қала әкімі И. Тасмағамбетов.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!