Еліміздегі ең алып жылыжай өнім бере бастады

Фотография - Еліміздегі ең алып жылыжай өнім бере бастады

Қарағанды облысы, Топар елді мекеніндегі жылыжай кешенінің құрылысы аяқталуға жақын

654 0

Қарағанды облысы, Топар елді мекеніндегі жылыжай кешенінің құрылысы аяқталуға жақын. Мемлекеттің қолдауына ие болған еліміздегі ең ірі жылыжайда қазірдің өзінде тропикалық өсімдіктерден сан-түрлі өнім алынуда. Бұған дейін ескі әдіспен жұмыс істеп келген серіктестік жақында голландық жаңа технологияны қолданысқа еңгізбекші. Сөйтіп, өнім көлемін үш есеге ұлғайтуды көздейді.

Аумағы 32 гектарды алып жатқан жылыжай кешенінде лимон, мандарин, папайя мен грейпфрут ағаштары жайқалып тұр. Игі жұмысты жүзеге асыру үшін серіктестік «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы арқылы 4 миллиард теңгеден астам несие алған. Сөйтіп, бұл қаржыға Голландиядан ағаш көшеттерін әкеліп егіпті. Алғашқы жыл болғанымен ағаштар бойлай өсіп, өнімін де беріп үлгерген. Бұған қоса биыл жылыжайда қызанақ пен қияр да молынан шығыпты.

Ринат Кемешов, «ҚазАгроҚаржы» АҚ ресми өкілі:

- 2015 жылға дейін осы шаруа қожалығында 8500 тоннаға дейін өнім өндіруге мүмкіндік туады. Бұл Қарағанды облысы мен Астана қаласында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Серіктестік қазір тағы бір жаңа жылыжай кешенінің құрылысын аяқтауға жақын. Аумағы 8 гектар болатын жерде толықтай голландиялық технологиямен жеміс, көкөніс өсірілмек. Әзірге, Қазақстанның ешбір аймағында мұндай алып кешен жоқ. Мамандар жаңа технологияның көмегімен өнім көлемін үш есеге көбейтуді жоспарлап отыр.

Александр Забиров, Жылыжай кешенінің директоры:

- Өткен жылы «ҚазАгроҚаржы» арқылы 6 пайызбен несие және лизинг алдық. Бұл біз үшін мемлекет тарапынан жасалып отырған үлкен көмек. Ең бастысы, бізді 1 жылға дейін төлемнен босатты. Себебі, ауылшаруашылығы сауда емес, өсімдікті өсіріп, өнім алуға уақыт кетеді. Ал, жылыжай толық өндірістік қуатына шыққан кезде несиемізді қайтара бастаймыз.

Бұған дейін серіктестікте барлығы 250 адам еңбек етіп келсе, келер жылдың ақпан айында іске қосылатын жаңа жылыжай кешенінде тағы қосымша 110 жұмыс орны ашылмақ. Еңбеккерлердің басым бөлігі жергілікті тұрғындар,-дейді серіктестік басшысы.


Тегтер:

ауыл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!