Астанада ескі үйлердің иелеріне 125 жаңа пәтер берілді

Фотография - Астанада ескі үйлердің иелеріне 125 жаңа пәтер берілді

 Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

140 0

«Қолжетімді тұрғын үй – 2020» Бағдарламасының Астана қаласындағы апатты тұрғын үйлерді бұзу жөніндегі пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде «Елорда даму» ЖШС-імен құрылысы жүзеге асырылған тағы бір 125 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Соңғы екі ай ішінде «Елорда даму» ЖШС апатты тұрғын үйлердің 189 иеленушісін қоныстандыруға арналған 2 тұрғын үй пайдалануға беріліп отыр.

Тархан-Жұбанов көшелерінің қиылысындағы кешеннің құрылысы коммерциялық бағытқа ие және пилоттық жобаны қайта инвестициялау мақсатында жүзеге асырылды, бұл ретте ондағы пәтерлерді сатудан түскен қаражат жаңа тұрғын үйдің құрылысына бағытталатын болады, олардың бір бөлігі апатты үйлердің иеленушілерін көшіру үшін өтеусіз негізде тапсырылатын болады.

Тұрғын үй кешені инфрақұрылымы дамыған ауданда, Евразия гуманитарлық университетінің, «Ақ көгершін» балабақшасының, №16 ОМ және «Қазақстан» СК жақын маңында орналақсан.

Үйдің құрылысы энерго-жылу үнемдеу технологиясының талаптарын есепке ала отырып, жүргізілген. Бұл тұрғын үй кешеніндегі бір бөлмелі пәтерлердің орташа ауданы – 36м2, екі бөлмелі пәтерлердің ауданы - 55м2, үш бөлмелі пәтерлердің ауданы –72м2.

2017 жылдың соңына дейін «Елорда даму» ЖШС 616 мың м2 тұрғын үй салуды жоспарлап отыр, оның ішінен 180 мың м2 немесе 3 519 пәтер 228 апатты тұрғын үй иелері үшін коммуналдық тұрғын үй қорына тапсырылатын болады.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

астана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!