Қарағандыда еліміздегі ең алғашқы энергия үнемдейтін үйлер пайдалануға берілді

Фотография - Қарағандыда еліміздегі ең алғашқы энергия үнемдейтін үйлер пайдалануға берілді

Бүгін Қарағанды облысыныі әкімі Бауыржан Әбдішев жаңа жыл қарсаңында қарағандылық 79 отбасыға пәтер кілттерін тапсырды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

165 0

 Бүгін Қарағанды облысыныі әкімі Бауыржан Әбдішев жаңа жыл қарсаңында қарағандылық 79 отбасыға пәтер кілттерін тапсырды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Биылғы жылы «Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша Қарағанды облысында 2 мың 400 пәтер салынды. Сонымен қатар «Жұмыспен қамтудың Жол картасы-2020» бағдарламасының үшінші бағыты бойынша да тұрғын үй құрылысы жүргізілуде.

Бүгін кілттері тапсырылған Ермеков көшесіндегі 10 қабатты жаңа үй де осы бағдарлама шеңберінде тұрғызылған болатын. Мұнда барлығы 170 пәтер бар, оның 153-і  бюджеттік. Жалпы құны 2 млрд. 67 млн. теңгені құрайды. Бұл республикадағы алғашқы энергиялық жағынан тиімді үй. Оның құрылысында шатырды жылыту, терезені үш қабаттап әйнектеу, қабырғаларды жылылау сынды жұмыстар жүргізілді. Әрбір пәтерде жылу мен желдету жүйесін реттеп отыратын құрылғылар орнатылған. Осының арқасында жылуға жұмсалатын шығынды 30% дейін үнемдеуге болады, эксплуатациялық шығындар да азаяды.

Бауыржан Әбдішев, Қарағанды облысының әкімі:

- Бүгін сіздер жаңа баспанаға ие болдыңыздар. Бұл Жаңа Жыл қарсаңында сіздер үшін, сіздердің отбасыларыңыз үшін зор қуаныш деп есептеймін. Жалпы, баспана мәселесі – бүгінгі қоғамда тұрған ең өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасымен бұл бағытта елімізде, біздің өңірімізде бірқатар маңызды іс-шаралар жүзеге асырылып келеді. «Қолжетімді баспана», «Жұмыспен қамту» бағдарламалары бойынша мыңдаған отбасылар тұрғын үйге ие болуда. Бүгінгі пайдалануға берілгелі отырған мына үй де – осындай үлкен жұмыстың, мемлекеттік қолдаудың нақты көрінісі болып табылады.


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!