2014 жылы Астанада 3 жерасты өткелі салынады

Фотография - 2014 жылы Астанада 3 жерасты өткелі салынады

Астанада 2014 жылы 3 жерасты өткелі салынбақ

139 0

Астанада 2014 жылы 3 жерасты өткелі салынбақ.

Аталған жерасты өткелдері Республика даңғылында, Б.Момышұлы даңғылында (Оқушылар сарайының жанында) және Сығанақ көшесінің бойында орналасады - деп хабарлады  baq.kz

«Қала бойынша 25 жерасты өткелін салу қажет, биыл Хан Шатырдағы жоба іске асты, қозғалысты жаппай-ақ, 5 жерасты өткелінің құрылысы қолға алынбақ. Өздеріңіз білетіндей, біздің көшелер өте тар, инженерлік желілер көп, сондықтан қазіргі уақытта қозғалысты жабудың жаңа технологиялары әзірленуде. Келер жылы қаржыландыру болса, тағы да 3 жерасты өткелі пайда болады», - деді astana.kz сайтына берген сұхбатында Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Рашид Аманжолов. Еске салайық, қазіргі уақытта елордада 6 жерасты өткелі бар: Бөгенбай батыр даңғылы ( «Шапағат» коммуналдық базар, Кенесары к-сі («Конгресс Холл»), Республика даңғылы («Самал» шағын ауданы), Бараев к-сі («Рамстор» СҮ), Орынбор к-сі (Триумфалды арка), Тұран даңғ. («Хан шатыр» СОО).


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!