2014 жылы Астанада 3 жерасты өткелі салынады

Фотография - 2014 жылы Астанада 3 жерасты өткелі салынады

Бұл туралы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан хабарлады.

290 0

Астанада 2014 жылы 3 жерасты өткелі салынбақ. Бұл туралы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан хабарлады.

Аталған жерасты өткелдері Республика даңғылында, Б.Момышұлы даңғылында (Оқушылар сарайының жанында) және Сығанақ көшесінің бойында орналасады.

«Қала бойынша 25 жерасты өткелін салу қажет, биыл Хан Шатырдағы жоба іске асты, қозғалысты жаппай-ақ, 5 жерасты өткелінің құрылысы қолға алынбақ. Өздеріңіз білетіндей, біздің көшелер өте тар, инженерлік желілер көп, сондықтан қазіргі уақытта қозғалысты жабудың жаңа технологиялары әзірленуде. Келер жылы қаржыландыру болса, тағы да 3 жерасты өткелі пайда болады», - деді astana.kz сайтына берген сұхбатында Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Рашид Аманжолов.

Еске салайық, қазіргі уақытта елордада 6 жерасты өткелі бар: Бөгенбай батыр даңғылы ( «Шапағат» коммуналдық базар, Кенесары к-сі («Конгресс Холл»), Республика даңғылы («Самал» шағын ауданы), Бараев к-сі («Рамстор» СҮ), Орынбор к-сі (Триумфалды арка), Тұран даңғ. («Хан шатыр» СОО).

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

астана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!