Танымал жұлдызшы Назарбек Қожамсейітов алдағы жылға болжам жасады

Фотография - Танымал жұлдызшы Назарбек Қожамсейітов алдағы жылға болжам жасады

Жылқы үйірмен жүретін жануар. Сондықтан жаңа жылды отбасымен қарсы алған дұрыс

471 0

Алдағы жылқы жылы қандай болмақ? Бұл орайда танымал жұлдызшы Назарбек Қожамсейітов өз болжамдарын жасаған екен.

Есігін айқара ашқалы отырған Жыл­қы жылының қандай басты ерек­шеліктері бар?

Жылқы үйірмен жүретін жануар. Сондықтан жаңа жылды отбасымен қарсы алған дұрыс. Есен-саулығын "мал-жан аман ба?" деп бастайтын қазақ үшін төрт түліктің орны бөлек. Төрт құбыласы сай болғанын қалайтын әр қазақтың тұрмысы ежелден-ақ төрт түлікпен тығыз байланысқан. Әсіресе халқымыз жылқыны қастерлеп, жеті қазынаның біріне жатқызған.

Ата бабамыз осыдан бес мың жыл бұрын жылқыны қолға үйреткен. Қақаған аяздарда, әсіресе Солтүстік өңірлерде 50-60 градус суық болса да, халқымыз жылқының етін жеп, қымызын ішіп қыстан аман-есен шыққан. Сол үшін де жылқы қасиетті.

Ал енді 2014 жылқы жылының ерекшелігін атап өтсек, құпия болған сырлар ашылады. Халқымыз жылқыны өте зиятты, сезімтал жануарлардың бірі санайды. Қазақ атқа отырғанда бойына ерекше қайсарлық пен қайрат біткендей өзгеріп, жігерлене түседі. Бұны шеттен келген саяхатшылар да жазған.

Жылқыны жақсы баптаған адам ғана оның қызығын көреді. Сондықтан іскер, кәсіпкер адамдарға айтарым, егер алға қояр мақсатыңызға жетем десеңіз, әрбір істі қолға аларда мұқият зерделеп, байыппен кіріскеніңіз жөн. Сонда ғана жемісін көресіз. Сол себепті де әлемде экономикалық болжаулар жасап, алдын ала дайындалып отырған мемлекеттер ғана құлдырауға ұшырамайды. Алдын ала табиғат құбылыстарын болжап, оған дайындалу қажет.

Әлемде қандай өзгерістер болуы мүмкін?

Жылдың алғашқы жартысын болжа­сақ, жылқы кез келген баптаушының өскеніне көне бермейтіндіктен, экономи­калық өзгерістер, кейбір елдерде халық толқулары болуы мүмкін. Қаңтар айының бірінші жартысында ойын-той, келіссөздерге бару нәтижесіз болады. Ақпан айының 7-9 аралығы көлік апаттары болуы ықтимал. Наурыз айының 11-іне дейін өрт, көлік апаттарынан сақ болу керек.

Наурыздың 2-9 аралығында келіспеушіліктер, адамдардың ауру-сырқауы көп болады. Ал 3-5 аралығында ірі жол апаттары болуы мүмкін. Сәуір айының 9-13-і кезінде ерекше боран болып, қар борап тұрады. Сол үшін жол апаттарынан сақтанған абзал. Ал 16-22 аралығында табиғи апаттар болуы мүмкін. Мамыр айының 16-19 аралығында табиғат және жол апаттарынан сақтанған жөн. Ал 24-27 аралығында қар, жаңбыр, кей жерлерде боран да болады.

Ал еліміздегі ауа райы туралы не айтасыз? Қыс суық бола ма?

Ауа райын Қазақстанның солтүстігі бойын­ша болжаймын. Бұл болжамдар еліміздің оңтүстігіне үш күнде, шығысына екі күнде жетеді. Айтарым, қыс сәуір айына дейін созылады. Бір суық, бір ыстық болып ауа райы құбылып тұрады. Қаңтардың 3-4-іне дейін күн жылы болады. Ал 9-12-сінен бастап боран соғады. Ал 24-26-сында 30-35 градусқа дейін күн суытады. Ақпан айының 9-12-сінде өте қатты суық болады. Солтүстікте 35-37 градус, ал шығыста 40-47 градусқа дейін ауа температурасы төмендейді.

14-15 аралығында ауа райы 28-32 градусты көрсетсе, 19-23 аралығында 30-35 градус болады. Сондай-ақ ақпан айының 9-12 аралығында боран үдетеді. Наурыз айының 9-13 аралығында 10-13 градусқа дейін күн суытып, боран болады. 20-22 наурыз аралығында күн суытып, қар түседі. Сәуір айының 9-12 аралығында қар борайды. Сол үшін, әсіресе мал шаруашылығымен айналысып жүрген азаматтар сақ болуы керек. Бұл біртіндеп оңтүстікке де келеді.

20-22 сәуір аралы­ғында күн салқындаса, 27-29 аралығында кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауады. Мамыр айында қар аралас жаңбыр болады. Ал Қазақстанның солтүстік шекараларында 16-19 аралығында бір суық, бір ыстық болып құбылып тұрады.

Елімізде мамырдың 23,24,27 күндері қар борайды.

Жасаған болжамым Солтүстік өңірлер бойынша болғандықтан, басқа аймақтарда қар аралас жаңбыр болуы мүмкін.

Мамырдың 27-сінен маусымның 5-6-сына дейін күн жылынбайды. Қорыта айтқанда, жылдың алғашқы жартысы суық болады. Жаз кеш шығады.

Бір сұхбатыңызда әлемдік планеталар шеруі туралы айтқан едіңіз. Бұл шеру 2014 жылы болуы мүмкін бе?

Қазір планеталардан бұрын, тіпті га­лактикалар келіп жатқандықтан, бұл шеру 6-7 жылда болуы ықтимал. Плане­талар шеруі кезінде табиғи апаттар жылдамдығы күшейіп, ауыл шаруа­шылығына үлкен зардабын тигізеді. Нәтижесінде тіпті, азық-түлік жетіс­пеушілігі болуы мүмкін. Сондықтан ауыл шаруашылығында жаңа технологияларды пайдаланудың маңызын ескеріп, алдын ала болжамдар жасап, дайындалу қажет.

Читать полностью:  http://news.nur.kz/296664.html


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!