СҚО-да тәртіп сақшыларының жаңажылдық кезекшілігі тыныш өтті

Фотография - СҚО-да тәртіп сақшыларының жаңажылдық кезекшілігі тыныш өтті

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлердің жаңажылдық кезекшілігі тыныш өтті.

248 0

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлердің жаңажылдық кезекшілігі тыныш өтті.

СҚО ІІД Жедел жоспарлау басқармасының жедел кезекшісі полиция майоры Александр Дмитриев Жаңа жылды кезекшілікте үшінші рет қарсы алды.

Дәстүр бойынша сағат 00:00-де барлық түнгі ауысым Жедел басқару орталығының залына шығып, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау сөзін тыңдап, кейін жұмыс орындарына қайта жайғасты.

Содан кейін отбасына – жұбайы Елена мен ұлдары Андрей мен Артемге қоңырау шалып,жақындарын Жаңа жылмен құттықтады.

Түнгі сағат екіде жедел кезекшілерді құттықтау үшін Ішкі істер департаменті басшылығы арнайы келді. Содан кейін тағы да полициялар мен кезекші патрульдердің сапалы жұмысын қамтамасыз ету, оқиға орнына жедел тергеу топтарының уақытында шығуын қадағалау жұмыстары жалғасты.

Александр барлық жерлестерін Жаңа жылмен құттықтап, әрбір үйге ынтымақ пен бақ-береке, мерекелік көңіл-күй тіледі.

Кезекшілік тыныш өтті, Жаңа жыл түні ешқандай қылмыс пен құқық бұзушылық тіркелген жоқ.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

павлодар

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!