Еліміздің басым аймақтарында ауа температурасының төмендеуі күтілуде

Фотография - Еліміздің басым аймақтарында ауа температурасының төмендеуі күтілуде

«Қазгидромет» РМК еліміздің бірқатар өңірлерінде ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты ескерту жариялады

127 0

«Қазгидромет» РМК еліміздің бірқатар өңірлерінде ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты ескерту жариялады.

4-5 қаңтар күндері Қостанай, Ақтөбе, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, 4-6 қаңтар күндері Қарағанды, 5-6 қаңтарда Шығыс Қазақстан облыстарында ауа температурасы күрт төмендейді, түнде 30-35, кей жерлерде 38 градусқа дейін, күндіз 23-28, кейбір аймақтарда 31 градусқа дейін суытады.

4-6 қаңтар күндері Қызылорда облысында түнде 20-25, кей жерлерде 30, күндіз 15-20, кейбір жерлерде 23 градус аяз болады.

5-6 қаңтарда Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында түнде 15-20, кейбір аймақтарда 25, күндіз 10-15, бірқатар жерлерде 18 градусқа дейін температура төмендеуі күтілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!