Отбасы құндылықтарын нығайту курстары ашылмақ

Фотография - Отбасы құндылықтарын нығайту курстары ашылмақ

Отандық қаржыгерлер мінсіз жар, аяулы ана тәрбиелеу ісін өз қолдарына алмақ.

266 0

Отандық қаржыгерлер мінсіз жар, аяулы ана тәрбиелеу ісін өз қолдарына алмақ.

Отбасы құндылықтарын нығайту курстарында алдымен Астана мен Алматының, содан соң Оңтүстік Қазақстан облысының, кейін бүкіл еліміздің нәзік жанды қоғам өкілдері оқиды. Бұл – «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» тізіміне кірген белгілі қоғам қайраткері, экономисттің идеясы. Рахилям Махпированың мамандығы экономист болғандықтан, ол қаржыны тиімді пайдаланудың жолдарын біледі. Бір ғана 2013 жылдың өзінде Рахилям 63 мың азаматтың қаржылық сауатын ашты. Ал жаңа жылдан бастап, қаржыгер әрбір отбасының қамқоршысы әрі ақылшысы болатын әйел тәрбиелеу ісімен айналыспақ. Сондықтан Рахилям ең алдымен, мектеп оқушыларынан бастағанды жөн санайды. Кейінгі кездері кәмелет жасқа толмағандардың арасында бала көтеріп, түсік тастағандар саны артқаны мәлім. Сондай-ақ алғаш ана атанғалы отырған нәзік жандыларға арналған кешенді бағдарлама да әзірленуде.

Рахилям Махпирова, қаржы компаниясының басқарушы директоры: - Біз үздік ана тәрбиелеумен де айналыспақпыз. Мұнда 1-10 жас аралығында балалары бар аналарды шақырамыз. Бағдарлама аясында өз ісінің нағыз мамандары саналатын психологтар, дәрігерлер, тәрбиеші-ұстаздар ана мен бала қарым-қатынасын нығайту бағытында жұмыс істейді. Олар бала ауырғанда не істеу керек, баланы қалай дұрыс тамақтандыру қажет деген сияқты мәселелер төңірегінде кеңестерімен бөліседі.

Ибалы келін, абзал ана тәрбиелеу ойы алғаш рет әйгілі спортшылар Майя Манеза мен Вячеслав Ершовтың тұңғышы Арсен дүниеге келгенде пайда болған. Рахилям жас отау иелеріне қолдау көрсеткен, әлі күнге дейін бар көмегін аямайды. Оларға білікті педиатрлар, невропатологтар, психологтар ақыл-кеңестерін беруде.

Рахилям Махпирова, қаржы компаниясының басқарушы директоры: - Соңғы айларда мен перзентханаларға жиі барып тұрдым. Ондағы атмосфераны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Айы-күні таяған әйелдермен сұхбаттасып, дәрігерлермен кездескен соң мен нағыз бақыттың кілті осында екенін білдім!

Сондай-ақ отбасы құндылықтарын нығайту курстарында мінсіз жар болудың жолдарын үйрететін дәріс оқылады. Жоба авторының пікірінше, қазіргі кезде отау құрғандар арасында ажырасу белең алып жатқанының басты себебі – жас келіндердің өздеріне жүктелген міндетті толық білмеуінде, отбасының дәнекері бола алмауында. Арнайы курстарда нәзік жандылар күнделікті тұрмыста қажетті істерді, мәселен салт-дәстүрге сай дастархан жайып, қонақ күтуді де үйренеді.


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!