2017 жылға дейін Астанада 38 қонақ үй салынады

Фотография - 2017 жылға дейін Астанада 38 қонақ үй салынады

Елордада «Астана Экспо-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық толық қарқынмен жүріп жатыр. Іс-шараға 5,5 миллионға жуық адам келеді деп күтілуде

356 0

Елордада «Астана Экспо-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық толық қарқынмен жүріп жатыр. Іс-шараға 5,5 миллионға жуық адам келеді деп күтілуде.

Астанада 2017 жылға дейін 38 қонақ үй салу жоспарланған. Бұл туралы astana.kz сайтына қаланың Бас жоспарымен таныстыру барысында белгілі болды.

«Бас жоспарда әлеуметтік инфрақұрылым жабындарының радиусынан бастап бәрі ескерілген. Атап айтқанда, балабақшалар мен мектептер, өрт сөндіру депосы және т.б., сондай-ақ, Бас жоспардың бөлімінде коммерциялық орынжайлар бойынша баланс та қарастырылған. Біз бірінші кезекте қызмет көрсететін объектілерді белгілейміз және олардың үйлесімсіздігін нормативтер бойынша реттейміз. Сонда 64 жуық пункті құрылады, қазіргі уақытта көрме қарсаңында келушілердің болуын қамтамасыз ету үшін кейбіріне мониторинг жүргізіліп жатыр. Бүгінде қонақ үйлер бақылауға алынды, яғни, жаңадан салынғандары, олардың классы, бөлмелер саны. Ал екінші блок, бұл - жобалау және салу кезеңіндегі объектілер. Жалпы алғанда, 2017 жылға дейін қалада 38 жуық қонақ үй пайда болады, олар жобаланып жатыр», - деді astana.kz сайтына қалалық Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Виталий Силецкий.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Астанада 75 қонақ үй ресми тіркеліп, жұмыс істеп келеді, соның ішінде төртеуінде 150 және одан артық бөлме бар, ал қалған қонақ үйлерде 4-30 номерден.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!