СҚО-да қалааралық автобустың 45 жолаушысы мен жүргізушілері құтқарылды

Фотография - СҚО-да қалааралық автобустың 45 жолаушысы мен жүргізушілері құтқарылды

Cолтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданы аумағындағы «Астана – Петропавл» автожолында әмбебап полицейлер ТЖД қызметкерлерімен бірлесіп қатты аяздың салдарынан істен шыққан қалааралық автобустың жүргізушілерін құтқару жұмыстарын жүргізді

302 0

Cолтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданы аумағындағы «Астана – Петропавл» автожолында әмбебап полицейлер ТЖД қызметкерлерімен бірлесіп қатты аяздың салдарынан істен шыққан қалааралық автобустың жүргізушілерін құтқару жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Петропавл – Қарағанды» бағытында қатынайтын жолаушылар автобусы 5 қаңтар күні кешке республикалық тасжолдың 414 шақырымында істен шықты. Автобуста 45 жолаушы, 2 жүргізуші болған. Олардың сөзіне қарағанда, автобус жолда келе жатып кенеттен тоқтап қалады. Содан кейін Петропавлдан дереу басқа автобус шақырылып, жолаушылар сапарын әрі қарай жалғастырған.

«Басшылыққа қоңырау шалдым, дереу басқа автобус жіберді, жолаушылардың бәрі сонымен кетті... Ешкімге шағымданбаймын. Жол полициясының инспекторлары ыстық тамақ әкеліп берді. Осында түнедік. Барлығына рахмет», - дейді жүргізушілердің бірі Владимир Тиньков.

Жолда қалған автобусты жол-патрулдік полициясының экипажы байқап қалыпты. Полицейлер түні бойы автобус жүргізушілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз еткен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!