Автобустарға арналған жеке жол жолақтарының құрылысы 2014 жылы басталады

Фотография - Автобустарға арналған жеке жол жолақтарының құрылысы 2014 жылы басталады

14 0

Жылдамдығы жоғары автобустарға арналған жеке жолақтардың құрылысы 2014 жылы басталады. Бұл туралы бүгін әкімдікте Жолдау мәселелерін талқылауға арналған қала активінің отырысында Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлім етті.

Жобаның алғашқы желісі 2016 жылы аяқталмақ.

«Көліктік стратегияда, жол инфрақұрылымын дамытудан бөлек, БРТ (bus rapid transit - жылдамдығы жоғары автобустар жүйесі) жобасын жүзеге асыру көзделуде. Оның 23 шақырымдық бірінші желісі 2016 жылы аяқталады. Жобаның бірінші кезегін салу жұмыстары биылғы жылдың екінші жартысында басталады», - деп атап өтті И.Тасмағамбетов.

Қала әкімінің сөзіне қарағанда, 63 шақырымдық жоба елорданың сол жақ және оң жақ жағалауын біріктіреді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!