Елордада жаңа теміржол вокзалы мен 2 автовокзал салынады

Фотография - Елордада жаңа теміржол вокзалы мен 2 автовокзал салынады

21 0

Астанада 2017 жылға қарай өткізу қабілеттігі тәулігіне 4,5 мың адамды құрайтын екі автовокзал салынады.

Бұл мәселе ҚР Президентінің «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауын талқылау бойынша өткен отырыста қаралды.

«2017 жылға қарай әрқайсысының өткізу қабілеттігі тәулігіне 4,5 мың адамды құрайтын 2 автовокзал мен жаңа теміржол вокзалы, қарбалас уақытта өткізу қабілеттілігі 1 500 жолаушыны құрайтын төрт гейтті әуежай терминалы салынады. Сондықтан екі маңызды бағытқа баса назар аударылады. Біріншісі, қоғамдық көлікті дамыту, соның ішінде қазіргі заманғы және сапалы жаңа құрамдарды сатып алу. Екіншісі, 2016 жылы шағын көлік айналымын аяқтау» - делінген хабарламада.

Жол инфрақұрылымын дамытумен қоса, негізі бағыттардың бірі - БРТ жобасын жүзеге асыру. Ұзындығы 23 шақырымдық бірінші желінің құрылысы 2016 жылы аяқталады.

«Жалпы ұзындығы 63 шақырымдық жоба елорданың сол жақ және жолаушылар ағыны мол оң жақ жағалауын біріктіреді. Осылайша, біз жолаушылардың басым бөлігін қоғамдық көлікке отырғызып, жол қозғалысын ұйымдастыруды жақсартамыз», - деді Астана қаласының әкімі



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!