Өтембаевқа қатысты сот процесі кейінге шегерілді

Фотография - Өтембаевқа қатысты сот процесі кейінге шегерілді

93 0

Қаскелең қаласында Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Асқарбек Бейімбетовтің төрағалығымен ҚР Парламент Сенатының бұрынғы аппарат басшысы Ержан Өтембаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша негізгі сот талқылауын бастады.

Тыңдау барысында зардап шеккен тарап сот процесінің уақытын шегеруге қатысты өтініш жолдады. Себебі сот талқылауының алдында ғана олардың заңгерлері ауысқан екен және сот ісімен толық танысуға біршама уақыт қажет болды. Сот аталмыш өтінішті қанағаттандырды және 2014 жылдың 27 қаңтарына дейін үзіліс жариялады.

Естеріңізге сала кетсек, ҚР Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалау сот алқасының 2013 жылғы 19 желтоқсандағы қаулысымен Алматы облыстық сотының 2006 жылғы 31 тамыздағы Алтынбек Сәрсембаевтың өліміне байланысты үкімнің, Е.Өтембаевқа қатысты, ҚР ҚК 28-бабының 4-бөлігі, 96-бабының 2-бөлігі «з» тармағымен айыптау бөлігі бұзылып, жаңа сот қарауына жолданған болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!