Үйленуден бас тартқан жігітті сотқа берді

Фотография - Үйленуден бас тартқан жігітті сотқа берді

17 0

Ақтөбеде некеден қашқан күйеу баланы қалыңдықтың туыстары сотқа берді, деп хабарлайды "Экспресс К".

Дауға себепкер болған жігіт облыстық соттың маманы болып шықты. Ол өзінен жүкті болған қызға үйленемін деп уәде берген екен. Мұны естіген қалыңдықтың ата-анасы перзентін ұядан ұшырып, ұзату тойын да жасап беріпті. Алайда, шешу сәт келгенде күйеу жігіт берген уәдесінен тайып, үйленуден бас тартқан.

Намысымызды аяққа таптады деген қыздың ата-анасы жігітті іле-шала сотқа берді. Моральдық шығынды олар екі миллион теңгеге бағалап отыр. Судья бұл істен өздігінен бас тартып отырғандықтан, сот ісі әлі қаралмаған.

Естеріңізге сала кетейік, Қызылорда облысында осыған ұқсас жағдай өткен жылдың маусым айында болған еді. Тасбөгет ауылының тұрғыны өзін алып қашып, жарты жолдан тастап кеткен жігітті сотқа берген болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!