Елімізде әрбір төртінші әйел шылымға әуес

Фотография - Елімізде әрбір төртінші әйел шылымға әуес

16 0

Елімізде әрбір төртінші әйел шылымға әуес. «Бір өкініштісі, көк түтіннің арбауына кәмелеттік жасқа толмаған қыздар жиі түседі», — дейді дәрігерлер. Ең алғашқы темекісімен де, одан ағзаға тарар никотиннің ләззатімен де бұрымдыларымыз мектеп қабырғасында жүріп танысады екен. Ең таңқаларлығы, көп жағдайда бойжеткендеріміздің аналары қыздарының шылымға тәуелді екендігінен хабардар болып келетін көрінеді.

Есімін құпия қалдырғысы келген бойжеткеннің бірі көк түтінге құмартып, шылымның шырмауына қалай түскенін айтып берді. Алғашқы темекісін ол 8 сыныпта тұтатып көрген. Содан бері осы әдетін тастай алмай келеді.

Айгүл Тілеужанова: «Басында қызығушылық ретінде тартқанмын. Ал қазір темекіге байланып қалдым десем де болады. Енді тастау қиын, күніне бір тартпасам қәдімгідей өз-өзімді ұстай алмаймын, жүйкем жұқара бастайды, жан-жағыммен ұрсыса бастаймын», — дейді.

Бойжеткеннің шылымға деген әуестігін оның анасы да білетінге ұқсайды. «Мама, иә, мен шылым шегемін!» -деп айтуға араға 3 жыл салып, мектеп бітіргенде ғана батылы жеткен екен.

Бұл жаман әдет ауруға ұшыратады деген дәрігерлер, ана атанғысы келетін әрбір жас темекісін дер кезінде тастауы керегін айтады.

Әйелдер кеңесінің меңгерушісі АИДА ӘУБӘКІРОВАның айтуынша, жүкті болуды жоспарламас бұрын ең алдымен шылым шегуді доғару керек, ағзаны темекінің түтінінен тазартпаса, құрсақтағы баланың жарық дүниеге келуі екіталай.

Плакаттарда көріп жүрген шығарсыздар 1гр никотин 1 атты өлтіреді деген. Сондықтан сондай никотинды күнінде жүкті әйелдің ағзасында орын алса, жаңадан пайда болған нәрестенің бүкіл ағзаларына, өзінің ағзаларына зиян келтіреді. Оның дұрыс өсуіне жол бермейді, ондай балалар ерте шала тууы мүмкін, салмағы жетпей туады.

Ресми деректерге сүйенсек, еліміздегі ер азаматтардың 57 пайызы, жасөспірімдердің 25, ал нәзік жандылардың 31 пайызы шылымқорлар қатарында.

Соңғы жылдары көк түтінмен күресуді қолға алған ел билігі, бірқатар шаралар қабылдады. Қоғамдық мекемелерде шылым шегуге тиым салынып, темекі өнімдерін жарнамалауға да шектеу қойылды. Тіпті қораптарының сыртына одан тарайтын аурулардың суреті жапсырылды. Бірақ соған қарамастан, темекіге тәуелділердің саны азаймай тұр.


Тегтер:

аурухана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!