Шымкентке 40 елді мекен қосылады

Фотография - Шымкентке 40 елді мекен қосылады

26 0

Шымкент қаласының аумағына 40 елді мекен қосылады, деді қала әкімінің орынбасары Баһадүр Нарымбетов Елбасы Жолдауын талқылауға арналған жиында.

«Қазақстан-2050» стратегиясы алға қойылған тапсырмаларды орындауда нақты қадамды талап етеді. Жолдау бізге зор міндеттер жүктеп отыр. Жақында Шымкент қаласының аумағына 40 елді мекен қосылады, яғни, қала халқы 145 мың адамға көбеймек», - деп атап өтті Б.Нарымбетов.

Елбасы өз Жолдауында Шымкент урбанистік қалаға айналатынын тілге тиек еткен-ді. Отырысқа қатысушылардың айтуынша, бұл бастама қаладағы білім, денсаулық және әлеуметтік нысандардың сапалы дамуына мүмкіндік бермек.

«Елді мекендердің әлеуметтік және коммуналдық мәселелері шешілетін болады. Бүгінде барлық проблема 2020 жылға дейін шешімін табады деп сеніммен айта аламыз. Бірінші кезекте су, газ және энергиямен қамту мәселесі қолға алынады. Сонымен бірге жаңа жолдар салынып, балалар  100 пайыз мектепке дейінгі мекемемен қамтылады», -  деді Шымкент қаласының әкімі Дархан Сатыбалды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!