Ақтөбе облысы аумағындағы кейбір жолдар жабылды

Фотография - Ақтөбе облысы аумағындағы кейбір жолдар жабылды

165 0

Боранға байланысты Ақтөбе облысында жолдардың  учаскелеріне барлық көлік түрлері үшін шектеулер енгізілді. Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметінен хабарланды.

Атап айтқанда, осы өңірдің аумағынан өтетін «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» жолының 0-258 шақырымындағы Қандыағаш пен Шалқар аралығында сағат 15:20-дан бастап жол жабылды.

Сонымен қатар сағат 16:30-бері Ақтөбе қаласының солтүстік айналма жолының 0-39 шақырымы аралығында көлік қозғалысы шектелді.

Айта кетейік, боран салдарынан кешеден бері Алматы облысындағы «Үшарал-Достық» жолының 0-184 шақырымы аралығында жол жабық.


Тегтер:

жол жабылды

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!