Биыл Ақмола облысында 4 электр стансасы салынады

Фотография - Биыл Ақмола облысында 4 электр стансасы салынады

60 0

2014 жылы Ақмола облысында баламалы қуат көзінен электр энергиясын алатын 4 ірі жоба іске қосылады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Ақмола облысы жасыл технологияға бетбұрыс жасап, жел, су, күн көзі арқылы қуат көзін өндіруге ден қойып отыр. Бүгінгі күні аймақта бұл бағытта жүзеге асырылған нақты жобалар бар. Мәселен, Целиноград ауданында қуаты 750 кВт болатын жел генераторы жұмыс істейді делінген хабарламада.

Сондай-ақ 2014 жылы Ерейментау ауданында жалпы қуаты 45 және 50 Мвт болатын 2 электр стансасын салу жоспарда бар. Бұған қоса,  «Бірінші жел электр стансасы» ЖШС, «Шеврон Мұнайгаз ИНК» мен  «Есіл» ӘКК бірлесіп қуаты 30 Мвт  болатын электр энергиясын өндіретін зауыт ашуды жоспарлап отыр. Жаңа технолгияға негізделген бұл өндіріс ошағында  сабан биомассасын жағу арқылы қуат көзі өндірілетін болады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!