Жамбыл облысында суицид бір жылда екі есеге артқан

Фотография - Жамбыл облысында суицид бір жылда екі есеге артқан

59 0

Жамбыл облысында суицид саны азаймай отыр. Бұл туралы облыстық білім басқармасының басшысы Сұлушаш Құрманбекова жылдық жұмысын қорытындылап есеп берген баяндамасында атап өтті.

Облыста 2012 жылы суицид оқиғасына қатысты 11 факт тіркелсе, 2013 жылы осындай 21 оқиға орын алыпты. 7 қыз және 14 ұл баланың 9-ы аз қамтылған, 8-і орташа, 4-і жағдайы жақсы отбасы балалары.

Білім ордаларында тәрбие саласына жауап беретін қызметкерлердің саны 93 бірліккке өсіп 1595 ке жеткен. Дегенмен, бұл оңды нәтиже бермей отырған сыңайлы.

Сала басшысы балалар мен жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсау деректерінің өскені алаңдайтын мәселе екенін жеткізді.

«Оқушыларға әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету жүйесін дамытып, әсіресе, әлеуметтік қолдауды қажет ететін жанұяның балаларын ерекше бақылауға алып, материалдық көмек көрсету шараларын ұйымдастыруға ерекше мән беру керек», - деп атап өтті облыстық білім басқармасының басшысы Сұлушаш Құрманбекова.

 

Bnews.kz сайтынан


Тегтер:

аурухана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!