ҚР БҒМ: «КТК» теларнасы жалған ақпарат таратты

Фотография - ҚР БҒМ: «КТК» теларнасы жалған ақпарат таратты

23 0

ҚР Білім және ғылым министрлігі «КТК» телеарнасының «Қазақстанда сырттай оқыту жүйесі жабылады» деп таратқан ақпаратының шындыққа жанаспайтындығын айтты.

Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, 30 қаңтар күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде министрліктің алқалы жиыны өткен. Онда Қазақстандағы сырттай оқыту жүйесіне талаптарды күшейтіп, бақылауды қатаңдату керектігі жайында айтылған.

"Сондықтан, КТК телеарнасының елімізде сырттай оқыту жүйесі жабылады деп таратқан ақпарат ешқандай шындыққа жанаспайды" делінген аталмыш хабарламада.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!