Биыл Астанада 350 экологиялық автобус пайда болмақ

Фотография - Биыл Астанада 350 экологиялық автобус пайда болмақ

75 0

Қоғамдық көліктерді бензиннен газға алмастыру арқылы атмосферага зиянды заттардың шығарылу көрсеткіші төмендеп, дыбысы бәсеңдейді деп хабарлайды «NewTimes.kz».

«Биыл Астана қаласының әкімдігі газбен жүретін 350 автобус сатып алмақ», - деді көлік және коммуникация министрлігінің кеңейтілген отырысында премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев.

Оның сөзіне сенсек, Алматыда мұндай 400 қоғамдық көлік бар екен. Ал, 2013 жылдан бері Астана мен Алматыда 100 және 200 автокөлігі бар экотаксилер тұрғындарға қызмет көрсетіп келеді.

«Біз қоғамдық көліктерді экологиялық таза жанармайларға алмастыруды ұйымдастыруымыз керек», - деп қосты Б. Сағынтаев өз сөзінде.

Вице-премьер көліктерді бензиннен газға алмастыру атмосфераға зарарлы заттарды шығаруды орташа есеппен бес есе, шуылмен мазалауын екі есеге азайтады деп атап өтті.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!