Мәжіліс депутаттар кәсіпкерлер құқығын қорғауға білек сыбана кірісті

Фотография - Мәжіліс депутаттар кәсіпкерлер құқығын қорғауға білек сыбана кірісті

17 0

Ақтөбеге арнайы іс сапармен келген мәжіліс депутаты Нұрлан Жазылбеков еліміздегі кәсіпкерлікке кедергі келтіріп отырған жайларды өңірдегі аймақтық кәсіпкерлер палатасының сарапшылармен кездесу барысында бөлісті.

«Қазір Қазақстанға ресейлік, белорустардың тауарлары еркін тасымалданып жатыр. Әрине, баға саясаты жағынан біз ұтылып отырғанымыз рас. Сондықтан отандық өндірушілерді қорғау мақсатында ұлттық стандарттарды қабылдадық.

Біз өкіметке мүлікті заңдастырудың екінші этабын ұйымдастыруды ұсынып отырмыз. Мысалы, бір Алматы облысының Алакөл аймағында екі жүзден астам кәсіпкер ешбір жерде тіркелмеген нысандарда жұмыс істеп жатыр. Бизнесмендер өздерінің кәсіптеріне қатысты құжаты болмаған соң, салық төлеуден де жалтарып кетеді. Әйтсе де, бұл бизнестерін дамытуға да кедергі келтіреді. Мүлкі тіркелмеген соң банктен несие де ала алмайды. Бұл өте өзекті мәселе», - деді депутат.

Нұрлан Жазылбеков мемлекеттің қаржысына Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Даму» қоры арқылы кәсіпорындар ашуды ұсынып отыр.

«Бұл кәсіпорындарды белсенді кәсіпкерлер басқара алады. Салынған ақшаны мемлекетке қайтарып берген күні олар сол кәсіпті өздеріне меншіктейді. 2007 жылы Үкіметке ұлттық компаниялардың айналасынан, тіпті тісшұқығыш, ілгек одан қалды күнделікті кәдеге асатын заттар шығаратын 10-15 кәсіпорын ашу туралы ұсыныс білдірген болатынбыз. Себебі сол ұсақ-түйекті Қытайдан тасып отырғанымыз рас», - деп ағынан жарылды мәжіліс депутаты.

Сондай-ақ халық қалаулысы мамыр айында кәсіби және техникалық білім беру, маман дайындау мәселесі бойынша парламентте тыңдау өтетін хабарлады.

 

bnews.kz

 


Тегтер:

Парламент @kz

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!