Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған жастарға баспана берілді

Фотография - Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған жастарға баспана берілді

98 0

Қызылорда облысында игі шара «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы шеңберінде іске асырылды.

Балалар үйінің тәрбиеленушілерін енді еңбекпен қамту да қолға алынбақ. Қазіргі таңда облыс бойынша 18 жасқа дейінгі мыңнан астам жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған бала тіркелген. Олардың 800-ге жуығы отбасыларда, 200-ге жуығы балалар үйінде тәрбиеленуде. Олардың барлығы тұрғын үй алу кезегіне қойылып, баспанамен қамтылуы тиіс.

Қырымбек Көшербаев, облыс әкімі:

- Ата-аналарыңыз жандарыңызда болмағанымен Тәуелсіз елдеріңіз бар. Әкелік қамқорлығын аямайтын Елбасымыз бар. Сондықтан ешкімнен кем емессіңдер. Алдарыңа қандай мақсат қойсаңдар, соған жетуге барлық мүмкіндіктеріңіз бар.

Пәтер кілтіне қол жеткізгендердің бірі – Аданькиндер отбасы. Ерлі-зайыпты Иларион мен Светлана жастайынан жетім қалып, балалар үйінде жолыққан. Отау құрған жұптың қазірде 3 бүлдіршіні бар. Иларион сантехник мамандығын игеріп, бала-шағасын асырап жүр. Бірнеше жылдан бері Қызылорда қаласынан 5 шақырым жердегі саяжайда пәтер жалдап өмір сүріп келген.

Иларион Аданькин, пәтер алушы:

- Бұл ғажайып сәт болады. Бүгін – қуанышты күн. Он жыл армандаған осы күнге де жеттік. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа осындай қолдауы үшін алғысым шексіз.

Аймақ басшысынан пәтер кілтін ала сала өз үйіне асыққан Әйгерім Баймырзаева кәмелет жасқа толар тұста жетім қалған. Оның үстіне, қазір ол – жалғызбасы ана. Оның да көкірегін шаттық кернеп тұр. Үш бөлмелі сәулетті, кең әрі жылы үйде бүлдіршініне жайлы өмір сыйлай алатынына қуанады.

Әйгерім Баймырзаева, пәтер алушы:

- Осы уақытқа дейін құрбымның үйінде тұрып келдім. Қазір бір балам бар. Сол баламмен осы үйде тұрамыз. Үйде жылу, газ бар. Үйге сыйлыққа газ бен тоңазытқыш қосып берді. Үйлі болған жастарды енді жұмысқа орналастыру жайы да кешенді түрде жүзеге аспақ.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!