Алматыда митингке шыққандар Ұлттық банк басшысының кетуін талап етуде

Фотография - Алматыда митингке шыққандар Ұлттық банк басшысының кетуін талап етуде

17 0

Алматыдағы Ұлттық банк ғимаратының алдында митинг өтуде, оған қатысушылар осы ведомство басшысы Қайрат Келімбетовтың кетуін талап етуде.

 

Журналистердің бағалауынша шараға қатысушылардың саны 40-50 адамды құрайды. Митингке қатысушылар Келімбетовпен кездесуді талап етіп, оған өздерінің Ұлттық банктің ұлттық валютаны девальвациялауға қатысты шешіміне наразылықтарын білдірмек болған. Сонымен бірге банктерден 2006-2007 жылдары алынған несиелерді өшіру талабын айтпақ болған.

 

Ұлттық банк башысы қазіргі таңда Астана қаласына баспасөз конференциясын өткізуге келген. Осыған байланысты  адамдарға Ұлттық банк төрағасының орынбасары Қуат Қожахметов шықты.

 

Ұлттық банк ғимаратын қауіпсіздік қызметі мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері қоршауға алған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!