Қазақстанда жыл басынан бері үш мыңға жуық жұп интернет арқылы некені тіркеуге өтініш берді

Фотография - Қазақстанда жыл басынан бері үш мыңға жуық жұп интернет арқылы некені тіркеуге өтініш берді

29 0

Жыл басынан бері некені тіркеуге 2 806 өтініш электрондық үкімет порталы арқылы берілді, деп хабарлады ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен.

«Некені тіркеуге электрондық өтініш беру» қызметін www.egov.kz «Отбасы» тарауындағы «Отбасы жағдайы» салымынан табуға болады. Оны алу үшін порталда тіркелуден өту және электрондық цифрлық қолтаңба болуы қажет.

Өтінімді толтыру кезінде келешек ерлі-зайыптылардың бірі кез келген қазақстандық банктің төлем картасының көмегімен 1 АЕК көлемінде (2014 жылы - 1852 теңге) мемлекеттік салық төлейді. Екінші тарап электрондық шақыруды алып, өзінің ЭЦҚ-мен куәландырып, келісімін беруі тиіс.

Аталған тәсілдің басты артықшылықтарының бірі келешек ерлі-зайыптылар әр түрлі қалаларда және елдерде жүрсе де некеге тұруға өтінішті бере алатындығы болып табылады.

Бүгінгі күні е-үкіметтің көмегімен АХАТ-ге 53217 жұп өздерінің өтініштерін берген.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!