Көкшетауда ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі өтті

Фотография - Көкшетауда ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі өтті

37 0

Бүгін облыс орталығындагы «Жібек жолы» базарында Бұланды, Бурабай, Зеренді, Сандықтау ауданының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінің және Көкшетау қаласының сауда орындарының қатысуымен азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Жәрмеңке барысында жалпы 16 миллион теңгенің азық-түлігі сатылды. Оның ішінде 12 тоннаға жуық ет өнімдері, 7 тонна картоп және көкөніс өнімдері, 4,5 тонна астам сүт өнімдері жеткізілген.

«Өткен жылы әкімдік тарапынан осындай 13 жәрмеңке өткіздік. Биылда сол бағыттан таймай ай сайын жәрмеңке өткізіп тұратын боламыз. Осындай жәрмеңкелер аудан орталықтарында да ұйымдастырылатын болады. Бұл өңірімізде инфляцияны, яғни теңгемізді тұрақты ұстап тұруға көмектеседі," -дейді ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Аманбек Қалжанов.

Айта кеткен жөн, Көкшетауда ұйымдастырылған жәрмеңкеде азық-түлік бағасы қаладағы сауда орындарына қарағанда 15-20 пайызға арзан. Әсіресе, еттің бағасы нарықта 1100 болса, мұнда 800-900 теңге шамасында сатылуда.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!