Елімізде 834 млн теңгенің медициналық қондырғылары пайдаланылмай тұр

Фотография - Елімізде 834 млн теңгенің медициналық қондырғылары пайдаланылмай тұр

41 0

Республиканың 9 облысында жалпы сомасы 834 млн теңге болатын медициналық қондырғылар мүлдем пайдаланылмай тұр. Бұл жөнінде бүгін Мәжілісте өткен үкімет сағатында төменгі палатаның әлеуметтік-даму комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева мәлім етті.

«100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында 71 нысан салынған. Оның 25-і ғана ауылда бой көтерді. Қалған нысандарды 2016 жылы салып бітіру жоспарланып отыр. Осы ретте айта кету керек, 13 нысанда құрылыс жұмыстары әлі күнге дейін басталмаған. Бұл адамдардың, әсіресе, ауыл тұрғындарының сапалы медициналық көмекке қолжетімділігі мәселесі шешілмегенін көрсетсе керек», - деді Д.Назарбаева.

Комитет төрайымының айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігінде жоспарлау жағы да ақсап тұр. Бірқатар нысандарды салуда өңірлердегі қажеттілік есепке алынбаған.

«Осылайша кей өңірлерде емдеу мекемелері тапшы болса, ал кейбіреуінде олар толық қарқында жұмыс істеп жатқан жоқ. Нәтижесінде қондырғылар тиісінше пайдаланылмай отыр. 9 облыста жалпы сомасы 834 млн. теңге болатын қондырғылар мүлдем пайдаланылмайды», - деп толықтырды ол.

Есеп комитетінің мәліметі бойынша, «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасын жүзеге асыру барысында мемлекетке 1,5 млрд теңге шығын келтірілген екен.

 

BNews.kz сайтынан

 


Тегтер:

аурухана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!