Қарсылық акциясы үшін қамалған азаматқа қолдау танытты

Фотография - Қарсылық акциясы үшін қамалған азаматқа қолдау танытты

19 0

Бүгін Алматыда "Желтоқсан ақиқаты" ұйымының үш өкілі 15 ақпанда девальвацияға қарсылық акциясына шыққаны үшін әкімшілік сот шешімімен қамалған азаматқа қолдау білдіру мақсатында Лобачевский көшесінде орналасқан абақтыға барды.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, белсенділер қамаудағы азаматқа өздері әкелген гүлді де тапсырмақ болған. Бірақ жабық мекеме қызметкерлері "абақтының перзентхана емес екенін" айтып, гүлдерін қабылдаудан бас тартты. Бұдан соң абақты алдында аз-кем уақыт тұрған белсенділер тарқап кетті.

Алматыда 15-16 ақпан күндері кейбір азаматтар теңге девальвациясы мен қымбатшылыққа қарсылық білдіріп, көшеге шыққан. Екі күн ішінде қырыққа жуық адам ұсталып, олардың біреуі сот шешімімен 10 тәулікке қамалды, ұсталғандардың көпшілігіне әкімшілік айыппұлдар салынды.

Ақпанның 11-і күні Қазақстан Ұлттық банкі ұлттық валюта - теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бұрынғы бағамын ұстап тұрудан бас тартқан соң, теңгенің бағамы күрт түсіп кетті. Сол күнге дейін 155-156 теңгенің төңірегінде болған 1 АҚШ долларының бағамын Ұлттық банк 185 теңге деп белгілеген еді.


Тегтер:

полиция @kz

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!