Шымкентте 60-тан астам отбасы баспаналы болды

Фотография - Шымкентте 60-тан астам отбасы баспаналы болды

480 0

Бүгін Шымкент қаласының «Нұрсәт» шағынауданында 63 пәтерлік көпқабатты №130 үйде «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының 3-бағыты «Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» аясында тұрғындарға пәтер кілттері тапсырылды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің сайты хабарлады.

Қоныстойға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Әли Бектаев пәтер иелерін мерейлі қуаныштарымен құттықтап, еңбектеріне жеміс тіледі.

Пайдалануға берілген 63 пәтерлік №130 үйде: 1 бөлмелік 18 пәтер, 2 бөлмелік 18 пәтер, 3 бөлмелік 27 пәтер бар. Мемлекеттік бағдарлама негізінде салынған үйге Бәйдібек, Қазығұрт, Мақтарал, Ордабасы, Отырар, Сайрам, Созақ, Төлеби, Түлкібас, Шардара аудандарынан, Арыс, Кентау, Түркістан, Шымкент қалаларынан бағдарлама бойынша қарастырылған әр түрлі жас деңгейіндегі азаматтар қоныстанды.

Жаңа пәтерге ие болған тұрғындардың еңбекке қабілеттілері енді Шымкент қаласының кәсіпорындары мен мекемелеріне жұмысқа тартылады, олар үшін бос жұмыс орындары дайын. Атап айтар болсақ, «Гелиос», «Беркут-Мика», «Sodexo kazakhstan», «Шымкент жол жөндеу шаруашылығы» және тағы басқа кәсіпорындардан жұмыс орындары ұсынылды.

Сонымен қатар, «Бәйтерек Л. Б.», «ЛТД Тұрмыс», «Зерде-фито» және «Отау-строй» ЖШС сынды компаниялармен  110 әлеуметтік жұмыс орындарын ашу туралы шарт жасалады деп жоспарлануда.



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?