16 мамырдан бастап елордада кейбір жолдар жабылады

Фотография - 16 мамырдан бастап елордада кейбір жолдар жабылады

392 0

Елордада жол төсемін жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, осыған байланысты кейбір көшелерде маусым айының соңына дейін көлік қозғалысы тоқтатылады.

Атап айтқанда, Тархан к-сі Брусиловский көшесінен Асан Қайғы көшесіне дейін; Күйші Дина к-сі Тоқпанов көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін, сондай-ақ Жұмабаев к-сінен Абылай хан даңғылына дейін.

Бұл көшелерді қалпына келтіру барысында жол төсемі жаңартылып, ауыстырылады және ескі инженерлік желілер қайта салынады, жолдың жүру бөлігі кеңейтіледі, қосымша тұрақ орындары, тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдары жасалады, жол қозғалысын реттеу үшін жаңа бағдаршам сигнализациялары, жол белгілері және басқа да техникалық құралдар орнатылады.

Сонымен қатар, жолдың жоғарғы қабатын төсеу үшін қаланың келесі бөліктерінде жолдар жабылады: 14 (түнде)-18 мамырда Тұран даңғылының Қонаев к-сінен Достық к-сіне дейінгі бөлігі; 16 мамырдан 1 шілдеге дейін Бөгенбай батыр даңғылынан Мәскеу к-сіне дейін, 20-25 мамырдан Алаш тас жолынан ЖЭО-2 дейін; 25 мамырға дейін Бейсекова көшесі Қорғалжын тас жолынан Сейфуллин к-сіне дейін және 25 мамырдан 30 маусымға дейін Сығанақ көшесінен Қорғалжын тас жолына дейінгі жол; 10-15 маусымда Есенберлин к-сі Бейбітшілік к-сінен Жеңіс даңғылына дейін; 1-25 маусымда Сыганақ к-сі Бейсекова көшесінен Тұран даңғылына дейін.

Бұдан басқа, орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты 1 шілдеге дейін келесі көшелерде қозғалыс шектеледі: Ақмешіт к-сі Сарайшық к-сінен Сығанақ к-сіне дейін; Сейфуллин к-сі Жеңіс даңғылынан Уәлиханов к-сіне дейін және Сарыарқа даңғылынан Жеңіс даңғылына дейін; Қалдаяқов к-сі М-3 көпірінен Тәуелсіздік даңғылына дейін; Қордай к-сі Б.Момышұлы даңғылынан №14 көшеге дейін; Герцен к-сі Карбышев к-сінен Жерұйық к-сіне дейін; Тараз к-сі Абай көшесінен Лермонтов к-сіне дейін; Толстый к-сі Сембинов к-сінен Әлімжанов к-сіне дейін; Балқантау к-сі Төлебаев к-сінен Жұмабаев даңғылына дейін; Оқжетпес к-сі Бейсекова к-сінен Көктал к-сіне дейін; Петров к-сі Жұмабаев даңғылынан Мұңайтпасов к-сіне дейін; Жалел-Дулатов-Бейсекова-Герцен көшелерінің квадраты; Алматы к-сі Сауран к-сінен Қабанбай батыр даңғылына дейін; Бәйсейітова к-сі Вагонная к-сінен Конституция к-сіне дейін; Манас к-сі Абылай хан даңғылынан бастап соңына дейін; Түркістан к-сі Сарайшық к-сінен Сығанақ к-сіне дейін; Чернышевский к-сі, сондай-ақ, Абылай хан даңғылы Б.Момышұлы даңғылынан «Метро» орталығына дейін және Пушкин к-сінен Б.Момышұлына дейін, Республика даңғылында Самал шағын ауданы мен Ташенов к-сі, Дүкенұлы к-сі бойындағы «Әл Арқа» ТК кірме жолы, Қарағанды тас жолы «Метро» орталығынан Күйгенжар тұрғын алабына дейін.

Жалпы, ведомство биыл 120 шақырым жолда жөндеу жұмыстарын жүргізбек. Бұл ретте 46,4 км жол салынып, қалпына келтіріледі, соның ішінде 19,2 км қосылған тұрғын алабтарында және 73,6 км жол жөнделеді.

Жол-құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде жүргізушілерді ақпараттандыру үшін осы көшелерде қажетті ескерту және тыйым салу белгілері қойылады, сондай-ақ, көлік жүргізушілерінен жол бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.


Тегтер:

елорда

Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?