Алматыда жер сілкінісі тіркелді

Фотография - Алматыда жер сілкінісі тіркелді

290 0

Бүгін Алматыда күндіз жергілікті уақыт бойынша 13 сағат 17 минут  57 секундта (ал Гринвич уақыты бойынша 07 сағат 17 минут 57 секундта) жер сілкінісі тіркелді.

Бұл мәліметті ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі таратты.

Жер асты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 847 шақырым жерде, Ауғаныстан аумағында орналасқан.

Зілзаланың энергетикалық қуаты - 12.6. Магнитудасы MPV - 5.9.  Тереңдігі - 100 шақырым.

Жер сілкінісінің сезілгендігі туралы мәлімет жоқ.



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?