Смартфон неге жарылады?

Фотография - Смартфон неге жарылады?

580 0

Алматылық маман Қанағат Медетбек смартфондар қандай жағдайда қауіпті болатынын түсіндіріп, ұялы телефон жарылмас үшін оны қалай дұрыс пайдалану керектігін айтты, деп жазады altyn-orda.kz.

Жалпы, ұялы телефондар денсаулыққа зиянды. Ол туралы көптеген мақалалар жарыққа шықты. Соңғы уақытта ұялы телефон жарылып, адамдар күйіп қалып жатқаны туралы ақпараттар жиілегені жасырын емес. Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайға көбіне телефонның қызып кетеуі себеп болады екен. 

«Смартфонның жарылуына басты себеп - телефон батареяларының Қытайда шығарылуы. Сапасыз телефон артық зарядталып тұрса, оның батареясы қызып, дұрыс істемейді. Мұндай жағдайлар жиі қайталанатын болса, телефон істен шығып, жарылады», - деді Қанағат Медетбек.

«Сондай-ақ, ұялы, телефонда ең басты құрылғының бірі - «плата». Егер одан ақау шықса, телефон жарылу қаупі ұлғая түседі. Және ұялы телефон тоққа қосылып тұрғанда оны пайдаланбаған жөн», - дейді маман.

Телефон жөндеу ісінің шебері смартфонды тоқта 4 сағаттан артық қуаттандырмау керектігін ескертеді.



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?