Астанадағы көше атауларының 93 пайызы қазақ тілінде

Фотография - Астанадағы көше атауларының 93 пайызы қазақ тілінде

Астанадағы көшелердің негізі бөлігі қазақ тілінің атауына ие. Бұл туралы бүгін Тілдер фестивалінің басталуына орай өткен баспасөз мәслихатында. Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ербол Тілешов мәлім етті.

440 0

Астанадағы көшелердің негізі бөлігі қазақ тілінің атауына ие. Бұл туралы бүгін Тілдер фестивалінің басталуына орай өткен баспасөз мәслихатында. Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ербол Тілешов мәлім етті.

«Астана қаласындағы көше атауларының 93 пайызы қазақ тілінде. Яғни елордада 934 көше  бар болса, оның негізгі бөлігіне мемлекеттік тілде атау берілді. Қазақстанның ешбір қаласында осындай деңгейде қамтылмаған»,-деді басқарма басшысы.

Е. Тілешов қала көшелеріне еліміздің барлық өңірлерінің атаулары берілгенін, осы арқылы да ұлттық сананы адамға сіңіруге болатындығын атап өтті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін қазақ тілі білімінің атасы, қазақ ұлтының ұстазы - Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орайластыра елордада жыл сайынғы дәстүрлі Тілдер фестивалі басталды. Шараның мақсаты - мемлекеттік тілді ұлықтау, Қазақстанда өмір сүретін халықтардың тіліне назар аудару, ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

Фестиваль аясында қыркүйектің 19-ына дейін түрлі шаралар ұйымдастырылмақ. Бұл тұрғыда «Үздік жарнама» байқауы, «Отан - отбасынан басталады» мерекелік іс-шарасы, Қазақстан Жазушылар одағының мерейтойына арналған жас ақындар мүшәйрасы, сондай-ақ Балуан Шолақтың 150 жылдығына арналған әдеби-сазды кеш, «Кемел тілдің келешегі» атты жастар акциясы, «Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметте» атты мемлекеттік қызметшілер арасында байқау қамтылған.



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?