416

Астанада бензин сапасы тексеріліп жатыр

Фотография - Астанада бензин сапасы тексеріліп жатыр

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті «Sinooil» жанармай құю станциясындағы АИ-92 маркалы бензиннің сапа стандарттарына сәйкестігін тексеріп жатыр. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Қазіргі уақытта «Sinooil» жанармай құю станциясы тексерілуде. Бір азаматтан келіп түскен өтініш бойынша осы станцияда сатылатын АИ-92 маркалы бензиннің сапасы қаралады. Әзірге, ешқандай нәтиже жоқ. Егер бензиннің сапа стандарттарына сәйкессіздігі анықталса, жанармай құю станцияларының иелеріне әкімшілік айыппұл салынады», - деп хабарлады техникалық реттеу департаментінен.

Айта кетейік, Астана қаласы статистика департаментінің хабарлауынша, жыл басында қалада 134 жуық жанармай құю станциясы мен газ құю станциясы болған, соның ішінде 124  стационарлық, 3  контейнерлік және 7 жылжымалы станция. Астанада мотор отынын сақтауға арналған көлемі 1249,8 мың литрлік 568 резервуар бар. Елордаға отын қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарынан әкелінеді, ал кейбір жеке меншікті жанармай құю станциялары бензинді Ресей мұнай өңдеу зауыттарынан да (Уфа, Омбы, Челябинск, Орск және т.б.) сатып алады.

Загрузка...