392

Астанада жаңажылдық азық-түлік жәрмеңкелері өтеді

27-28 желтоқсанда Астана қаласының әкімдігі «Мобильдік жәрмеңке» жалпы қалалық акциясын өткізеді.
Фотография - Астанада жаңажылдық азық-түлік жәрмеңкелері өтеді

27-28 желтоқсанда Астана қаласының әкімдігі «Мобильдік жәрмеңке» жалпы қалалық акциясын өткізеді. Қалалық Ауыл шаруашылық басқармасының хабарлауынша, жәрмеңкені «Астана» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ұйымдастырып отыр деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.  

Тұрғындар тұрақтандыру қорындағы азық-түліктерді нарықтық бағадан төмен бағамен сатып ала алады. Жәрмеңкеде көкөністер, жармалар, қант пен басқа да тауарлар сатылады. Өнімдер «Шапағат» коммуналдық базарының аумағында және Сауран к-сі 7, «Гүлжан» сауда орталығының маңында орналасқан арнайы көліктерде сатылады. Тауарларды сатып алуға шектеу қойылады, мысалы бір адам үш қап ауыл шаруашылық өнімін және ұн мен жарманың бір қабын ғана сатып ала алады. 

Загрузка...