Ақмола облысында психоневрологиялық мекеменің медбикесі екі емделушіге өз үйіндегі жұмыстарды істеткен

Фотография - Ақмола облысында психоневрологиялық мекеменің медбикесі екі емделушіге өз үйіндегі жұмыстарды істеткен

Ақмола облысында психоневрологиялық мекеменің медбикесі екі емделушіні өз үйіндегі шаруашылық жұмыстарын істеуге күштеп мәжбүрлегені анықталды, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.

348 0

Ақмола облысында психоневрологиялық мекеменің медбикесі екі емделушіні өз үйіндегі шаруашылық жұмыстарын істеуге күштеп мәжбүрлегені анықталды, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.

ІІД мәліметі бойынша,  ағымдағы жылдың 24 желтоқсанында ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері Бұланды ауданындағы ауылдардың бірінде заңсыз бас бостандығынан айыру оқиғасын анықтады.

 

"Полицейлерге белгілі болғандай, 1968 жылғы ауыл тұрғыны психоневрологиялық мекемеде жұмыс істей отырып, осында емделіп жатқан психологиялық аурумен сырқаттанатын 1974 және 1980 жылғы екі ер адамды 2014 жылдың қыркүйегінен желтоқсан айы аралығында өз үйінің аумағындағы шаруашылық жұмыстарын істеуге күштеп мәжбүрлеген",-делінген хабарламада.

Сонымен қатар күдіктінің үстінен ҚР ҚК 126-бабының 2-бөлімі (заңсыз бас бостандығынан айыру) бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралып жатыр.


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?