Ұлан сарбаздары ант қабылдады

Фотография - Ұлан сарбаздары ант қабылдады

Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 7552 әскери бөлімінде 250-ден астам жас жауынгер Қазақстан халқы мен оның заңды сайланған президентіне адал қызмет етуге ант берді.

455 0

Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 7552 әскери бөлімінде 250-ден астам жас жауынгер Қазақстан халқы мен оның заңды сайланған президентіне адал қызмет етуге ант берді.

Әскер көрген азаматтың өмірінде бір-ақ рет болатын салтанатты шараға ардагерлер, мемлекеттік мекеме өкілдері, сарбаздардың ата-аналары да қатысып, ел қорғаны - ұландықтарға ақ тілектерін жеткізді, қызметтеріне табыс тіледі. Жас сарбаздар салтанатты шара барысында жиналғандарға жас жуынгер курсында үйренген саптық дайындық, қызметтік-жауынгерлік тактика пәндері бойынша практикалық жаттығулар орындап берді. Ант қабылдаған сарбаздар оқу пунктіндегі дайындық аяқталысымен түзеу мекемелерін күзету, сотталғандар мен қамауға алынғандарды айдауылдау бойынша жауынгерлік қызметке кіріседі.


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?