503

Алматыда тұманның салдарынан 10 рейс тоқтатылды

Фотография - Алматыда тұманның салдарынан 10 рейс тоқтатылды

Алматыда қалың тұманның кесірінен 10 рейс тоқтатылды, 5 рейстің ұшатын уақыты кейінге шегерілді. Бұл туралы Алматы халықаралық әуежайының сайтында жарияланды.

Нақтылай отырсақ, Алматыдан Мәскеу мен Көкшетауға ұшатын екі рейс кейінге қалдырылды. Дубай, Үрімжі, Франкфурт және 3 Алматы-Астана бағытындағы рейстер тоқтатылды.

Өскемен, Астана, Куала-Лумпурдан Алматыға келетін, Франкфурттан Алматыға келуі тиіс 3 рейс тоқтатылды. 

Ұшу режимі тұман сейілген соң қайта қалпына келтіріледі.

Загрузка...